«Таза Қазақстан» акциясы аясында болашақ «Алтын белгі» иегерлері түлектер аллеясын отырғызды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында болашақ «Алтын белгі» иегерлері түлектер аллеясын отырғызды

Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Бүгін №69 орта мектебінде ерекше күн өтті республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында түлектер бірінші сынып оқушыларымен, ата-аналармен және педагогтермен бірге мектеп аумағын көгалдандыруға қатысып, Түлектер аллеясына көшеттер отырғызды.

Жалпы мектеп аумағына 40 көшет отырғызылды, оның 10-ы аллеяға егілді. Бұл жылдарының жарқын естелігінің символы. Отырғызылған қарағай, шырша және терек ағаштары уақыт өте келе мектеп ауласын көркейтіп, артында із қалдырған түлектерді еске салып тұрады. мектепке деген алғыс пен оқушы

Акцияға «Алтын белгіге» үміткер 7 оқушы және үздік аттестат иегері 7 түлек қатысты. Бұл тек білімде жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, қоғамдық өмірге де белсенді араласатын оқушылар.

Мектеп өз жетістіктерімен мақтана алады: биыл төрт оқушы «Дарын» олимпиадасының қалалық кезеңінен облыстық кезеңге жолдама алып, барлығы жүлделі орындарға ие болды.

Іс-шараға қала білім бөлімінің басшысы Меткул Косымбаева және Астана ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Талгатұлы қатысып, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудегі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, №69 мектеп 2019 жылдан бері «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып келеді. Осы уақыт ішінде мектеп аумағына 500-ден астам көшет, оның ішінде жеміс ағаштары да отырғызылған. Абаттандыру айлығы аясында мектеп ұжымы тек мектеп ауласын ғана емес, Бірлік шағын ауданын да тазалау және көгалдандыру жұмыстарына тұрақты түрде қатысады.

«Бұл – мектебіміздің жақсы дәстүріне айналған игі іс. Осындай шаралар оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды біріктіріп, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады», — деді №69 мектеп директоры Айгүл Абжалелова.