Ақтөбе облысының білім басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Ақтөбе облысының білім басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Ақтөбе облысының білім басқармасының қызметкерлері, облыстық әдістемелік орталық, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының мамандары республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты.
Іс-шара аясында «Домбра» бау-бақша ұжымынан Х.Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі аумақ тазартылып, ретке келтірілді. Қатысушылар қоғамдық аумақты бірлесіп абаттандырып, қала тазалығына деген жанашырлықтың үлгісін көрсетті және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Аталған акция тек сенбілік шарасы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен жастардың жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.