
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры болып Түменбаев Шыңғысхан Берікұлы тағайындалды.
Шыңғысхан Берікұлы 1992 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Филология» факультетін тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған.
Еңбек жолын 2013 жылы Алға облыстық балалар үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2016-2017 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында ұйымдастырушы педагог, 2017-2018 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жетекші маман болды. Сонымен қатар, 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығында оқытушы қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Ақтөбе облысының әдістемелік орталығында «Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар» бөлімінде әдіскер болып еңбек етті. Ал 2023 жылғы 16 қазаннан бастап бүгінге дейін Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген.