1-сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді.

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей отырып, қабылдау науқанының басталу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Бұл өзгеріс 1-сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөліп, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетуге, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқыту құқығы толық сақталады және құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Цифрлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені теңгеріп, техникалық іркілістердің алдын алуға және портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
2026-2027 оқу жылында өңір мектептеріне 20 234 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде:
12 467 оқушы - Ақтөбе қаласында;
7 767 оқушы - облыс аудандарында.
Жалпы қабылданатын балалардың 16 979-ы (83,9%) қазақ тілінде, 3 255-і (16,1%) орыс тілінде білім алады.