Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Ойыл кәсіптік колледжінің жұмысымен танысты

Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Ойыл кәсіптік колледжінің жұмысымен танысты

Басқарма басшысы колледждің материалдық-техникалық базасы жан-жақты таныстырылып, оқу кабинеттері, өндірістік шеберханалар мен зертханалардың жағдайы көрсетілді. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, оқу-өндірістік процесті жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін дамыту және колледждің алдағы даму жоспарлары таныстырылды.
Бүгінде колледжде 210 студент білім алып, 32 педагог қызмет етеді. 8 мамандық және 11 біліктілік бойынша білікті кадрлар даярлануда. Білім алушыларға теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Сонымен қатар Бұлбұл Күзембаева колледж ұжымымен кездесіп, заманауи талаптарға сай дамуы, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік пен жұмыс берушілермен байланыс мәселелерін кеңінен талқылады. Білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту және педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.