Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер: Ақтөбеде «Ұлттық мектеп лигасы» мәресіне жетті

Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер: Ақтөбеде «Ұлттық мектеп лигасы» мәресіне жетті

 Наурыз айының 26-27 күндері Ақтөбе қаласы нағыз спорттық доданың орталығына айналды. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында спорттың 6 түрінен облыстық іріктеу кезеңі өтті.
​Жарысқа облысымыздың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан жиналған 700 жас спортшы қатысып, шеберлік пен жеңіске деген құштарлықтарын көрсетті.