
Наурызнама онкүндігі аясында Алға ауданында жарқын әрі рух беретін мереке — Ұлттық спорт күні аталып өтті.
Маржанбұлақ ауылындағы №2 орта мектепте ұлттық спорт түрлерінен фестиваль ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің күш-жігерін, ептілігін, төзімділігін және командалық рухын көрсетті. Мұндай шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтап, насихаттаумен қатар, өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті, жеңіске ұмтылысты және мәдени мұраға құрметті қалыптастырады.
Спорт мерекесі бірлік пен жігердің, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.
#НаурызнамаАқтөбе2026
#NauryzDigitalAgtobe2026