Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде «Наурызнама – Digital Era» цифрлық технологиялар көрмесі өтті.

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде «Наурызнама – Digital Era» цифрлық технологиялар көрмесі өтті.

Көрмеде студенттердің AI, IT және VR бағытындағы жобалары, сондай-ақ Smart City концепциясы аясындағы инновациялық шешімдер таныстырылды. Қатысушылар заманауи технологиялардың жұмыс принциптерімен тәжірибе жүзінде танысты: олар mini-coding тапсырмаларын орындап, логикалық есептер шешіп, VR тәжірибелерге қатысты, Smart City моделін құрап, Digital Challenge интерактивті викториналарында бақ сынады.
Шараға шамамен 1000 қатысушы қатысты және ол колледждің білім беру мүмкіндіктерін, студенттердің инновациялық жобаларын көрсету ғана емес, жастарды заманауи цифрлық технологиялармен таныстыруға, IT бағыттарына қызығушылықтарын арттыруға және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
«Наурыз Digital» күнін біз дәл Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде өткізіп отырмыз, себебі бұл колледж IT бағыттарының тұрақты дамуының орталығы болып саналады. Мұнда студенттер мен мектеп оқушылары заманауи цифрлық технологиялармен тәжірибе жүзінде танысып, IT әлеміне терең бойлап, ақпараттық жобаларда өз күштерін сынайды. Бүгінгі кездесу Наурыз мерекесінің дәстүрлерін және цифрлық дәуірдің инновацияларын біріктіріп, шығармашылық ойлау, ынтымақтастық және кәсіби шабыт алаңы болып отыр. Барлық қатысушыларға жақсылық, амандық, береке мен мықты денсаулық тілеймін», — деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.
Көрме барысында ұлттық дәстүрлер мен цифрлық технологиялар үйлесімді түрде араласты: ұлттық мәдениетті сақтай отырып, театрландырылған қойылымдар көрсетілді, интерактивті аймақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды, интеллектуалды тапсырмалар жүргізіліп, ұлттық ойындар ұсынылды.