Ақтөбе облысында «Наурызнама» онкүндігі басталады

Ақтөбе облысында «Наурызнама» онкүндігі басталады

Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 13–23 наурыз аралығында көктемнің жаңаруын, бірлікті, ізгі дәстүрлер мен жаңа жылдың басталуын білдіретін ең көне әрі маңызды мерекелердің бірі — Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» мерекелік іс-шараларының онкүндігі өтеді.
Онкүндік аясында өңірдің білім беру ұйымдарында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен рухани мұрасын насихаттауға бағытталған мәдени, білім беру, шығармашылық және спорттық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.