
Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы білім беретін орта мектебінде Ақтөбе облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Батырхан, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтер қатысты.
Алқа отырысын білім басқармасының басшысы Бұлбұл Бисембайқызы Күзембаева жүргізді. Күн тәртібінде «Ақтөбе облысы білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттері» қаралды.
Басқарма басшысы Бұлбұл Күзембаева өз баяндамасында өңірдің білім беру жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Ол білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру, педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейту және цифрлық трансформацияны жүйелі жалғастыру бағытында нақты міндеттер жүктелгенін айтты. -Алқа отырысында балалар қауіпсіздігі мәселесі ерекше талқыланды. Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардана Саймағамбетов білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылықтар мен буллинг фактілері туралы баяндады.
Сондай-ақ, отырыста тәрбие жұмыстары мен ата-аналар институтының рөлі туралы өзекті мәселе көтерген спикер Жаңалық Ахаш болды. Ол білім беру ұйымдарындағы ата- аналармен жұмыстың қазіргі жағдайына тоқталып, әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие саласындағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында орталықтандырылған ата-аналар комитетін құру туралы ұсыныс білдірді.