
Темір ауданының білім бөлімінің басшысы қызметіне Имангалиев Болатбек Алдимурзаевич тағайындалды. Болатбек Алдимурзаевич 1987 жылы Темір ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2005-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша;
2021-2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «математика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Рауан» көпсалалы колледжінің математика пәнінің оқытушысы болып бастаған.
2010 жылы Ақтөбе қаласының №№51 гимназиясында математика пәні мұғалімі, 2011 жылдан Шұбарқұдық гимназиясының математика пәні мұғалімі, 2015 жылы Шұбарқұдық гимназиясы директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Шұбарқұдық гимназиясының директоры қызметін атқарып келді.