Білім басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Темір ауданына барды

Білім басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Темір ауданына барды

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Темір ауданында жұмыс сапарымен болып, оның барысында білім беру жүйесін дамыту, оқу процесінің сапасын арттыру және білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.

Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықовпен бірлесіп аудан активінің өкілдері қатысқан кеңейтілген жиын өткізілді. Кездесу барысында аудандық білім бөліміне тағайындалған жаңа басшы — Болатбек Имангалиев таныстырылды. Жаңа басшыға білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, басқару тиімділігін арттыру және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сияқты маңызды міндеттер жүктелгені атап өтілді.Жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен ашық диалог өтті. Негізгі назар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға аударылды. Әр көтерілген сұрақ бойынша түсіндірме беріліп, шешім жолдары көрсетілді және әрі қарайғы іс-шаралар жоспарланды. Талқылау конструктивті форматта өтті.