
Ақтөбе облысында жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған мұғалімдер ассоциациясының 15 коворкинг орталығы ресми түрде іске қосылды. Бұл – ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретін, тәжірибе мен идея тоғысатын заманауи алаң.
Жаңа коворкинг кеңістіктері бастауыш сыныптан бастап химия, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, математика, физика, информатика, дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.
Бүгінде пәндік ассоциация құрамында 398 педагог бар. Олар енді бір ортада бас қосып, инновациялық әдістерді талқылап, авторлық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру трендтерін бірге меңгереді.
Коворкинг орталықтары
№80, 56, 31, 83 мектептері, №51 гимназиясы мен
№9 орта мектеп-гимназиясы,
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі,
Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі,
М. Ғабдуллин атындағы №70 жалпы орта білім беретін мектебі,
Ә. Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі,
М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі базасында өз жұмыстарын бастады.
Алдағы уақытта коворкинг кеңістіктерінде шеберлік сыныптары, пәндік семинарлар, ашық сабақ талдаулары, тәжірибе алмасу кездесулері мен авторлық жобалар таныстырылымдары тұрақты түрде өткізіледі.