
2026 жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен КЕАҚ Талаптың ұйымдастыруымен Қызылорда облысында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық байқауында Ақтөбелік педагогтер жеңімпаз атанды.
Байқауда озық педагогикалық тәжірибелер ұсынылып, білім мазмұнын жаңартуға бағытталған тың идеялар қорғалды. Елдің әр өңірінен келген 15 қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары өз жобаларын сәтті қорғап, кәсіби шеберліктерін дәлелдеді.
Ақтөбе облысының намысын қорғаған педагогтер: Ажбенов Ерасыл Құрманғалиұлы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы — жүлделі І орын, Қанбаева Айнұр Сейітқалымқызы Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы республикалық деңгейде өз тәжірибесін табысты қорғап, сертификат иегері атанды.
Бұл байқау педагогтің кәсіби біліктілігі мен табанды еңбектің, жаңашылдық пен шығармашылық ізденістің жарқын көрінісінің нәтижесі!