
Ырғыз ауданының білім бөлімінің басшысы қызметіне Мырзағали Қасымжомарт Жеңісбекұлы тағайындалды. Қасымжомарт Жеңісбекұлы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
2021 жылы Сақтаған Бәйішев университетін "Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2021 жылы Ырғыз ауданының білім бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2022-2024 жылдар аралығында Мұғалжар ауданының білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған.
2024 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Хромтау ауданының білім бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.