№49 «Думан» балабақшасында «Жас шеберлер» шеберханасы табысты жұмыс жүргізуде

№49 «Думан» балабақшасында «Жас шеберлер» шеберханасы табысты жұмыс жүргізуде

Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» балабақшасында тәрбиеленушілерді ерте жастан еңбекке баулуға бағытталған «Жас шеберлер» шеберханасы табысты жұмыс жүргізуде.
Шеберхана аясында балалар еңбек әрекеттерінің түрлі бағыттарымен танысып, алғашқы практикалық дағдыларын қалыптастыруда. Тәрбиеленушілер аспаздық өнер мен тігін тігуге машықтанса, ер балалар ұсталық өнердің қарапайым элементтерін меңгеріп, қол еңбегіне деген қызығушылықтарын арттыруда.
Аталған жұмыстар балалардың еңбекке баулу, ұқыптылық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ өзара ынтымақтастық пен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, балабақшада «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жобаға 5 топ, оның ішінде 3 ересек топ пен 2 мектепалды тобы қатысып, жұмысқа 10 педагог тартылған.