Ақтөбеде әйелдердің ғылымдағы әлеуетін қолдау мәселелері талқыланды

Ақтөбеде әйелдердің ғылымдағы әлеуетін қолдау мәселелері талқыланды

Әйелдердің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен кеңесте қаралды. Іс-шараға Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысты.

Кеңес әйелдердің ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамыту, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау мәселелерін талқылауға бағытталды.

Кеңес жұмысына сондай-ақ «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сарманова А.С.,

ғылымдағы әйелдерді қолдау бағытының жетекшісі Абишева Н.М., облыстық мәслихат депутаты Кожабекова Ж.К., Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Байлиева Р.О., жоғары оқу орындарының ғалымдары және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында әйел-ғалымдарды мемлекеттік және қоғамдық қолдау мәселелері қарастырылды. Әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету және зорлық- зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындап, Ақтөбе облысының тұрақты зияткерлік дамуына және ғылымдағы әйелдерді қолдауды күшейтуге бағытталған бірлескен іс- шаралар жоспарын әзірлеуге уағдаласты.