Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданына барды.

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданына барды.

Сапар барысында реновация аясында күрделі жөндеуден өткен Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде, Жарөткел негізгі орта білім беретін мектебіне, Әйтеке би көпсалалы колледжіне, психологиялық- педагогикалық түзету кабинетіне,аудандық балалар саз мектебіне барып, жұмыс барысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдап, өзекті сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар білім бөлімінің қызметкерлерімен және білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында басқарманың бөлім басшысы Г.Құлыбекова Әйтеке би ауданының білім саласының негізгі көрсеткіштерін таныстырып, өзекті мәселелерге тоқталды. Кездесу қорытындысы бойынша Бұлбұл Күзембаева аудан бойынша жұмысты жандандыруды, кадрлардың сапалық құрамын арттыруды, сондай-ақ білім беру сапасын ішкі және сыртқы бағалау жүйелерінің сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.