Ақтөбеде «Келешек мектептері» білім беру қызметіне мониторинг жүргізілд

Ақтөбеде «Келешек  мектептері» білім беру қызметіне мониторинг жүргізілд

Ақтөбе қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында № 80 және № 82 жалпы білім беретін орта мектептердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, білім беру және тәрбие жұмысының сапасы, білім алушылардың қауіпсіздігі, мектептердің ішкі тәртібі, білім беру ортасының жай-күйі, сондай-ақ материалдық- техникалық база мен шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы жан-жақты қарастырылды. Ерекше назар оқу кабинеттерінің жабдықталуына, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуіне, спорт және ойын алаңдарының жағдайына, санитарлық талаптардың сақталуына және мектеп жабдықтарын пайдалану ережелерінің орындалуына аударылды.

Мониторингтік топтың құрамына облыстық білім басқармасының өкілдерімен қатар Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының өкілдері, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл қатысты.

Мониторинг қорытындысы бойынша білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтуге және білім алушылар үшін қауіпсіз, қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берілді.