Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп директоры тағайындалды

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп директоры тағайындалды

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» атты республикалық жоба жүзеге асырылуда. Жоба білім беру жүйесіне жаңа форматтағы басқарушы кадрларды даярлауға және басшылық құрамның кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.
Аталған жоба аясында Қобда ауданының Қобда қазақ орта мектебінің директоры болып Аманғосов Айбек Қайратұлы тағайындалды. Ол — «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктелген резервтегі басқарушы кадрлардың бірі.
Айбек Аманғосов 1994 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Еңбек жолын Әйтеке би ауданында бастап, кейін Ақтөбе қаласындағы №60 және №82 мектептерде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Білім беру саласындағы қызметі барысында өзін бастамашыл әрі нәтижелі педагог ретінде көрсете білді. Оның шәкірттері, сондай-ақ өзі де бірнеше рет аудандық және республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанды.
Кәсіби және басқарушылық құзыреттерін дамыту мақсатында Айбек Аманғосов «Білім берудегі өзгерістер: 1000 көшбасшы» республикалық бағдарламасын сәтті аяқтап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан резервист сертификатын алды. Бағдарлама аясында ол білім беру ұйымын заманауи талаптарға сай басқару, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және тиімді менеджмент жүргізу бағытында терең білім алды.