Өңір басшысы И. Есенберлин атындағы №15 орта мектепке барды.

Өңір басшысы И. Есенберлин атындағы №15 орта мектепке барды.

Бұл оқу орны 1939 жылы салынған, бүгінде мұнда 574 оқушы білім алып жатыр.
Мектеп директоры Алмагүл Ешмағамбетованың айтуынша, реновация барысында ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, едендер, жылу және кәріз жүйелері ауыстырылды, қоршау жаңартылды. Сондай-ақ оқу кабинеттеріне жаңа жиһаздар алынып, интерактивті панельдер орнатылды, кітапхана, асхана және спортзал жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылды.
Мектеп фойесінде директор жөндеу жұмыстарының нәтижесін «бұрын және кейін» фотосуреттері арқылы таныстырды. Ата-аналар комитеті мен ардагерлер кеңесінің өкілдері мектеп инфрақұрылымын дамытуға көрсетілген қолдау үшін ел Президентіне алғыстарын жеткізді.

 Облыс әкімі кездесу барысында білім беру мекемелерін жаңғырту және оқу үшін қолайлы жағдай жасау өңірлік билік үшін басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

 «Біз әрбір мектептің заманауи, қауіпсіз әрі сапалы білім беруге қажетті барлық құралмен жабдықталғанын қалаймыз. Бұл – балаларымыздың болашағына салынған инвестиция. Сонымен қатар, сапалы оқу жағдайы әр баланың әлеуетін ашуға, білімге деген ынтасын арттыруға және уақыт талабына сай білім беру стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы.
 Сондай-ақ ол биыл қаладағы №5, 17, 22 және 37 мектептерде реновация жүргізілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Әйтеке би, Байғанин, Темір және Шалқар аудандарындағы мектептерді жаңарту жоспарланған.