Ақтөбеде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті

Ақтөбеде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті

Бүгін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған № 86 жаңа жалпы білім беретін мектептің базасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті.

Ауқымды зияткерлік сайысты «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығы «Хабар» республикалық телеарнасының қолдауымен ұйымдастырды.Жобаның негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, зияткерлік әлеуеті жоғары, көшбасшылыққа, өзін-өзі дамытуға және жаңа жетістіктерге ұмтылған дарынды, ынталы оқушыларды анықтау және жан- жақты қолдау.

Облыстық кезеңге облыстың жалпы білім беретін мектептері мен білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысты. Аудандық және қалалық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен 59 оқушы өз білімдері мен бәсекеге қабілеттілігін осы деңгейде сынауға мүмкіндік алды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша бес үздік қатысушы Алматы қаласында өтетін республикалық финалға жолдама алды. Онда олар елдің ең үздік жас зияткерлері атағы үшін бақ сынайтын болады.