
Аталған мектептің ашылуын жергілікті тұрғындар үлкен үмітпен және асыға күткен болатын.Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған, аталған тұрғын алаптағы екінші мектеп.Өңір басшысы жаңа білім ордасындағы оқу жағдайымен, материалдық-техникалық базасымен танысып, педагогтер, ата-аналар және оқушылармен кездесті.
«Балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз оқу жағдайын жасау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі.Президенттің тапсырмасымен елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бұл жоба балалар үшін тең мүмкіндіктер мен сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жайлы мектептер балалардың үйіне жақын жерде, заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді. Мұнда сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған: мұғалімдер құрамы толық жасақталған, оқу кабинеттері мен цифрлық сыныптар жабдықталған, жұмыстағы ата-аналарға ыңғайлы болу үшін ұзартылған топтар ұйымдастырылған. Жоспарланғандай инфрақұрылым мен қолайлы кіреберіс жолдар оқу процесінің қауіпсіз әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Барша оқушыға табыс пен жетістіктер тілеймін», - деді облыс әкімі.Білім ордасында арнайы пән кабинеттері мен зертханалар, шеберханалар, екі спорт залы, кең асхана, оқу залдары бар кітапхана, сондай-ақ заманауи цифрлық инфрақұрылым қарастырылған. Педагогикалық ұжым 49 адамнан тұрады. Олардың қатарында жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандар, сондай-ақ «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы» және «педагог-модератор» біліктілік санаттарына ие ұстаздар бар.
Есет батыр шағын ауданында бүгінде бірнеше жалпы білім беретін мекеме жұмыс істейді. Олардың қатарында 900 орындық №78 мектеп-гимназиясы, 1200 орындық Дінмұхамед Қонаев атындағы №60 орта мектеп және 2000 орындық №82 мектеп бар.
- Жаңа 2000 орындық мектеп қолданыстағы білім беру ұйымдарының жүктемесін азайтып, оқушылар үшін жайлы оқу жағдайын қамтамасью отуге мүмкіндік берді.