Зан және тәртіп» қағидаты aqtobe_bilim_basqarmasy аясында облыстық ашық алаң өтті

Зан және тәртіп» қағидаты aqtobe_bilim_basqarmasy аясында облыстық ашық алаң өтті

Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектебінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыру және оқушылар тәрбиесін қалыптастырудағы сынып жетекшілердің кәсіби рөлін күшейту мақсатында облыстық ашық алаң ұйымдастырылды. Жиын «Тұлғаның тәрбиесі мен дамуының негізін қалыптастыруда сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында өтті.

Алаң жұмысына офлайн форматта 120 мұғалім, онлайн арқылы 2000-ға жуық сынып жетекші қатысып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.

Шараның модераторы – Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева. Өз сөзінде ол жасөспірім тұлғасын қалыптастырудағы ұстаздың рөлін айрықша атап өтіп:

«Сынып жетекші – баланың болмысын танып, тұлғалық дамуына бағыт беретін алғашқы жетекші. Бүгінгі мақсат – жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыру және олардың жан-жақты өрбуіне жағдай жасау. Мектеп, ата-ана және қоғам бір бағытта жұмыс істегенде ғана нәтижеге қол жеткіземіз» – деді.