«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында маңызды кездесу өтті

«Заң және тәртіп»  идеологиясын іске асыру аясында маңызды кездесу өтті

Бүгін Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында прокуратура, полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар:

-есірткіге қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік,

-денсаулыққа тигізетін зиянды әсерлер,

-тәуекелдер мен алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме берді.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.

Біздің мақсат – жастардың саналы шешім қабылдауына, өз болашағы үшін жауапты болуына ықпал ету.