АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2025» БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2025» БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

18-21 қараша аралығында «БАЛДӘУРЕН» оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық «Үздік дене шынықтыру педагогі - 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 21 қатысушының арасында Ақтөбе облысының намысын абыроймен қорғаған Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі - Әкімбаев Нағашыбай Дүйсенбекұлы жүлделі ІІ орын иеленді.

Педагогтың еңбек өтілі 7 жыл, біліктілік санаты педагог- сарапшы.

Нағашыбай Дүйсенбекұлын осы жеңісімен құттықтап, кәсіби жолында шығармашылық шабыт, толайым табыс және жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!