АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Ақтөбе облысының білім басқармасы жанындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Отырысқа алқажиын мүшелері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Жалпы қатысушылар саны - 353 адам, сонымен қатар 421 білім беру ұйымы онлайн форматта қосылды.

Алқа отырысын облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева ашып, өңірдің білім саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталды.

Күн тәртібінде өңірдегі білім сапасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар;

мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің жай-күйі; техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ахуал; кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары сияқты мәселелер қаралды.