
Ақтөбе облысында білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа «БІЛІМГЕ ЖОЛ» облыстық жобасы іске қосылды.
Жобаның негізгі мақсаты оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру.
Жоба аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи әдістемелерге үйрету, пәндік және функционалдық сауаттылықты дамыту, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен енгізу көзделген.
Жоба міндеттері мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, білім беру ұйымдарында қолжетімді және сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға, инновациялық құралдарды қолдану мәдениетін дамытуға бағытталған.
Жоба 2025-2026 оқу жылында жүзеге асырылады және әрі қарай тұрақты даму кезеңіне өтеді.
Үш кезеңнен тұратын жұмыс жоспары бекітілді:
Дайындық кезеңі (қыркүйек-қазан) мониторинг, диагностика, білім сапасын талдау және даму картасын әзірлеу;
Негізгі кезең (2025 қараша 2026 наурыз) әдістемелік қолдау көрсету, коучинг, тәжірибе алмасу семинарлары мен сабақтарға заманауи әдістерді енгізу; Қорытынды кезең (мамыр-маусым) мониторинг нәтижелерін талдау, қорытынды есеп пен ұсынымдар дайындау, табысты тәжірибелерді тарату.
Жобаға облыс бойынша 87 мектеп қатысады:
Ақтөбе қаласынан 43 мектеп, Алға ауданынан 16 мектеп, Әйтеке би ауданынан 12 мектеп, Ырғыз ауданынан 16 мектеп.