Ақтөбеде мектеп, отбасы және қоғам арасындағы ынтымақтастық пен тәрбие мәселелері талқыланды

Ақтөбеде мектеп, отбасы және қоғам арасындағы ынтымақтастық пен тәрбие мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысының педагогтары мен қоғам өкілдері облыстық стратегиялық сессия аясында тәрбие жұмысының өзекті мәселелерін талқылау үшін «Мектеп, отбасы, қоғам серіктестігі: рухани және әлеуметтік құндылықтарды біріктіру алаңы» тақырыбында жиналды. Іс-шараны ұйымдастырушы Ақтөбе облысының Білім басқармасы, шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақтөбе филиалы қатысып отырды.

Сессияны Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева ашып берді.

Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде мектеп, отбасы және қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың рухани бай әрі әлеуметтік белсенді тұлға болып қалыптасуында барлық құрылымдардың ортақ жауапкершілігі қажет екенін ерекше айтты.

Сессия жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, медицина қызметкерлері, психологтар қатысты.