Ақтөбелік педагог Тойшыманова Маржанкул Кенешбаевна «Шапағат» медалімен марапатталды!

Ақтөбелік педагог Тойшыманова Маржанкул Кенешбаевна «Шапағат» медалімен марапатталды!

Актобе қаласындағы «М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия» КММ директоры, тәжірибелі педагог Маржанкул Кенешбаевна Тойшымановаға жоғары мемлекеттік марапат - «Шапағат» медалі табысталды.

33 жылдық педагогикалық қызметінде ол оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық және ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға елеулі үлес қосты. Еңбек жолын 1992 жылы тарих пәні мұғалімі ретінде бастаған, 2007 жылдан бастап директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, ал 2011 жылдан бері гимназияның директоры ретінде қызмет атқарып келеді.

Пән мұғалімі ретінде оқушылары республикалық және облыстық деңгейдегі пән олимпиадасы мен ғылыми жобалардың жүлдегерлері атанды. Іс-тәжірибесі облыс және қала көлемінде таралған, «Облыстың үздік мұғалімі» атағын алған.