
Ұстаздар күні қарсаңында Астанада өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Айгүл Мажитқызы Сагидановаға мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
32 жылдық педагогикалық қызметінде ол мыңдаған шәкіртке сапалы білім мен тәрбиенің негізін беріп, олардың өмірде өз жолын табуына бағыт-бағдар көрсетіп келеді.
Айгүл Мажитқызының өзі де мұғалімдер арасындағы республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. 2022 жылы «Ақтөбе облысының үздік педагогі» атанды. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
2015 жылдан бері ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері ретінде өңір ұстаздарының кәсіби біліктілігін арттыруға айрықша үлес қосып келеді.
- Бұл жоғары мемлекеттік марапат – оның көп жылғы адал еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесінің лайықты бағасы.