«JAN AHUAL» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«JAN AHUAL» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның 2025 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен Меруерт Күнболқызы Жұбандықова «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

Меруерт Жұбандықова 1985 жылы Ырғыз ауданы Тәуіп кеңшарында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін психология мамандығы бойынша тәмамдаған. Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі, педагог- зерттеуші.

Еңбек жолын 2004- жылы Мәртөк ауданының Хлебодаровка орта мектебінде психолог маманы ретінде бастаған.

2012-2017 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, 2017-2021 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі, 2021-2024 жылдары әдістемелік орталығы психологиялық- әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған. 2024 жылдың тамыз айынан бері «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.