Ақтөбеде «АMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Ақтөбеде «АMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Негізгі баяндама жасаған Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жаңа оқу жылы өңірде 442 мектеп жұмыс істейтінін, онда 190 мыңға жуық бала білім алатынын, соның ішінде 19 мыңнан астамының алғаш мектеп табалдырығын аттағанын атап өтті. Барлық оқушылар оқулықтармен толық қамтылған, ал 440 мектепке тұрақты жылдамдықтағы интернет жүргізілген.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға айрықша көңіл бөлінуде. 55 мектептің жиһаздары мен жабдықтары жаңартылып, заманауи пәндік кабинеттер мен STEM-зертханалар ашылуда. Сондай-ақ, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасалуда.