Бүгін Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңес төрағасы Т.Талаева ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді таныстырды.
Отырыста облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева сөз алып, өңірдегі білім беру саласының жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндама жасады. Ол кадр тапшылығы, оқулықтармен және интернетпен қамту, мектептерді жөндеу жұмыстары, жаңа мектептердің іске қосылуы, оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен қамту бағытындағы жұмыстарды егжей- тегжейлі түсіндірді.
Кеңес мүшелері мен сарапшылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Жиын нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.