Облыс әкімі «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында салынған жаңа мектептермен танысты
Облыс әкімі Асхат Шахаров облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаевамен бірге жұмыс сапары барысында өңірде ұлттық «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында салынған жаңа мектептерді аралап шықты.
Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, әрбір жаңа мектеп тек белгілі бір ықшам аудан үшін ғана емес, бүкіл облыстың білім беру жүйесі үшін алға үлкен қадам: «Заманауи мектеп бұл баланың өзін сенімді сезінетін және өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алатын орта. Осындай жағдайлар бізге уақыт талабына сай тұлғаларды қалыптастыруға жол ашады», - деді ол.
- Өңір басшысы ат басын бұрған бірінші нысан Алтын Орда шағын ауданындағы №80 мектеп. Кең әрі заманауи ғимарат 2000 оқушыға арналған және бүгінгі күні өз шәкірттерін қарсы алып отыр. Оқушылар қонақтарға білім ордасын аралатып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған кабинеттерді көрсетті