Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен Республикалық тамыз педагогикалық конференциясында дәстүрлі түрде білім беру саласының үздік қызметкерлерімен қатар, алғаш рет жұмысшы мамандық иелері мен білім беру жүйесінің дамуына айрықша үлес қосқан мамандар да марапатталды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ісінің алдыңғы қатарлы өкілдеріне, сондай-ақ білім беру жүйесімен тығыз байланыста еңбек ететін ұйымдар мен қызметтердің өкілдеріне марапаттар табыстады.
Марапат иелерінің қатарында — «Dara bala» платформасының авторы, ақтөбелік Максат Айткалиевич Бисекенов бар.
Dara bala — Қазақстандағы бірегей портал, ол бір мезгілде үш бағытты қамтиды: білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы қосымша білім беру қызметтерін ата-аналардың таңдауына мүмкіндік береді.