Биылғы жаңа оқу жылына арналған білім беру тапсырысы 40 орынды құрап отыр

Биылғы жаңа оқу жылына арналған білім беру тапсырысы 40 орынды құрап отыр

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселесін қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының өкілдері қатысты.

Өңір басшысының сөзінше, аймақтың кадрлық әлеуетін нығайту үшін жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттарын бөлу ісі маңызды.

«Жоғары оқу орнын бітірген жас маман облыста кадр тапшылығы бар кез келген мекемеде кемінде бес жыл еңбек етуі тиіс. Бұл – өңірлік кадр тапшылығын мақсатты шешудің нақты тетігі», – деді әкім.

Отырыста білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жергілікті бюджет есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.

Мәліметке сәйкес, облыста бұл конкурс 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы кезеңде жалпы 542 грант бөлініп, 530 студент қабылданды. Қазіргі таңда 140 болашақ маман еліміздің 11 жоғары оқу орнында білім алып жатыр