Кездесуге халықаралық білім олимпиадаларының күміс және қола жүлдегерлері - Аңсар Жақсылық пен Ерқанат Кеңшілік, сондай-ақ Афинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген грек-рим күресінен әлем чемпионы Қуанышбек Жаңажол қатысты.
«Мемлекет басшысы қай саланы болмасын жан-жақты дамытуға, соның ішінде ғылым мен спортты қолдауға ерекше мән беріп келеді. Себебі еліміздің болашағы - білімді, дені сау, рухы мықты жастардың қолында. Ақтөбе облысы ғылым мен спортта Қазақстанды әлемге танытып жүрген зияткер жандар мен чемпиондар ұрпағын тәрбиелеуді жалғастыруда. Сіздер қазақстандық жастардың ғылым мен спортта зор жетістіктерге жете алатынын дәлелдейтін жарқын үлгі болып отырсыздар. Бүгінгі табандылықпен жеткен жетістіктеріңіз тек жеке жеңіс қана емес, бүкіл өңіріміздің, халқымыздың ортақ мерейі. Жеткен жетістіктеріңіз замандастарыңызға шабыт сыйлайды, күш береді және еліміздің жарқын болашағына деген сенімді нығайтады. Біз сіздермен мақтанамыз және алдағы уақытта әлі де көптеген жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенеміз», - деді облыс әкімі.
◆ Кездесу барысында жас чемпиондар жетістікке жету жолдарын баяндап, жеңіске қалай қол жеткізгендерін, дайындыққа қаншалықты күш пен уақыт жұмсағандарын, қиын сәттерде кім қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасына енген сәттегі алғашқы әсерлері қуаныш, толқу, жауапкершілік сезімдерімен бөлісті.