ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қуанышқызы Ақпарова келді. Сапар барысында ол Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаевамен бірге жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтады.

Жұмыс тобы алдымен «Келешек мектептері» жобасы аясында «Оңтүстік-Батыс-2» тұрғын массивінде бой көтеріп жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және реновациялық жұмыстар да басты назарда болды. Делегация Бауырластар-3 тұрғын массивінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан жаңа білім ордасының құрылыс барысын бақылап, әрі қарай І.Есенберлин атындағы №15 орта мектепте және Ақтөбе орта мектебінде жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарының сапасына назар аударды.

Жұмыс сапары барысында нысандардағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының мерзімі, сапасы мен материалдық- техникалық қамтамасыз етілу деңгейі жан-жақты талқыланып, алдағы оқу жылының сапалы басталуын қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берілді.