Ақтөбе облысында Абай есімді 50 педагог еңбек етуде

Ақтөбе облысында Абай есімді 50 педагог еңбек етуде

Ұлт ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып жатқан мерейлі жылы Ақтөбе облысында ерекше дерек тіркеліп отыр бүгінде өңір мектептері мен колледждерінде Абай есімді 50 ұстаз еңбек етуде.

Бұл - жай ғана сәйкестік емес. Бұл есім мен тағдыр арасындағы үндестік. Ұлы ойшылдың атын иеленген ұстаздар - руханият пен білім саласында ел болашағын тәрбиелеп жүрген жандар.

Абай есімді мұғалімдер түрлі пәндер бойынша сабақ беріп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде. Олар өз ісіне жауапты, кәсіби білікті, ел болашағына жанашыр ұстаздар қатарынан көрініп келеді.

Айта кетсек, бүгінде облыста 26 649 педагог еңбек етеді. Оның ішінде:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3000 педагог, орта білім беру ұйымдарында 20 097 педагог, қосымша білім беру ұйымдарында 1455 педагог, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1348 педагог, арнайы білім беру ұйымдарында 749 педагог жұмыс істейді.