Ақтөбе облысында Абай есімді 11 бала жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барады

Ақтөбе облысында Абай  есімді 11 бала жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барады

2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облысында ерекше мәлімет тіркелді: өңір бойынша Абай есімді 11 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1- сыныпқа қабылданды.

Бұл дерек - халқымыздың рухани көсемі, ой алыбы Абай Құнанбайұлының есімі ұрпақ жадында берік сақталғандығының көрінісі. Ата-аналар ұлы тұлғаның есімін балаларына бере отырып, оларға терең мән мен зор үміт жүктейді.

Облыстық білім басқармасы Абай есімді шәкірттердің білім жолы сәтті басталып, олар дана тұлғаның жолын рухани жалғаушы, ізгілікті, зерделі ұрпақ болып өседі деген сенім білдіреді.

Айта кетсек, биылғы 2025-2026 жаңа оқу жылында Ақтөбе облысында 1-сыныпқа 19 270 бала барады. Оның ішінде 15 159-ы немесе 78,7%-ы қазақ тілінде, ал 4 111-і (21,3%) - орыс тілінде білім алатын болады. Қазіргі таңда 15 892 оқушының немесе 82,5%-ының құжаттары қабылданып, дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде