Білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындықты пысықтады

Білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындықты пысықтады

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева 12 аудан мен қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізіп, жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық барысын тыңдады.

Кеңесте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 1-сыныпқа және 10-сыныпқа қабылдау, білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету, мектептердегі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі, отын жеткізу, оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамту, оларды дер кезінде жеткізу жайы сөз болды.

Сондай-ақ басқарма басшысы мектеп директорларының бос лауазымдарына білікті мамандарды орналастыру, оқушыларды ыстық тамақпен қамту және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылы басталар алдындағы әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бұлбұл Күзембаева білім бөлімдерінің басшыларына аталған бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, барлық жұмыстардың жаңа оқу жылына дейін толық орындалуын талап етті. Сонымен қатар, әр апта сайын жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы есеп алып отыратынын ескертті.