Басқарма басшысы Заречный мектеп-бақшасының жұмысымен танысты

Басқарма басшысы Заречный мектеп-бақшасының жұмысымен танысты

Бүгін Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Заречный ауылындағы мектеп-бақшаға барды.

Басқарма басшысы мектеп-бақшаның материалдық- техникалық базасымен, топ бөлмелерінің жағдайымен, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысымен танысты. Сондай-ақ, тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы да назарға алынды.

Бақшаның ауласы, ойын алаңдары мен жазғы кезеңдегі балалардың демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар зерделенді.