Оған қала мектептерінің директорлары қатысып, облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева төрағалық етті.
Жиында ішкі бағалау, ББЖМ, "Мектептегі PISA" сыртқы зерттеулерінің, пәндік олимпиада қоытындысы талқыланды.
Жиын қорытындысында білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар берілді:
-Білім деңгейі төмен мектептер үшін жеке даму жоспарларын әзірлеу;
-Ішкі бағалау жүйесін қайта қарап, талап деңгейін көтеру;
-Мұғалімдердің пәндік және әдістемелік құзыретін арттыру, кәсіби қолдауды жүйелі түрде ұйымдастыру;
-Жетекші директорлардың тәжірибесін тарату, менторлық және көшбасшылық бағдарламаларын енгізу;
-Гимназия/лицей мәртебесіне ие мектептердің көрсеткіштерін саралап, оларды нақты білім сапасымен сәйкестендіру.