2024 жылдың қазан айынан бастап аккредиттеу шараларын «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі» (IQAA) жүргізді. Аталған агенттік мектептің қызметін барлық бағыт бойынша кешенді түрде зерттеп, терең сараптама жасады. Оқу үдерісін ұйымдастыру сапасы, педагогикалық кадрлардың әлеуеті, білім алушылардың жетістіктері, басқару жүйесі, инфрақұрылым мен білім беру ұйымының даму стратегиясы жан-жақты талданды.
Агенттіктің президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Каланова Шолпан Муртазқызы бастаған тәуелсіз сарапшылар тобы мектептің қол жеткізген жетістіктерін, инновациялық тәжірибесін, заманауи білім беру технологияларын енгізудегі бастамаларын жоғары бағалады. Сарапшылар мектеп ұжымының кәсібилігіне, сапаға бағытталған ішкі мәдениетіне және үздіксіз даму қағидатын ұстануына оң баға берді.