Ақтөбе кәсіпкерлеріне балалардың қосымша білім беру бойынша пилоттық жобасы қалай іске асырылатыны түсіндірілді

Ақтөбе кәсіпкерлеріне балалардың қосымша білім беру бойынша пилоттық жобасы қалай іске асырылатыны түсіндірілді

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанның алты қаласында, оның ішінде Ақтөбеде, спорт, шығармашылық және қосымша білім беру бағыттары бойынша біріңғай ваучер беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба ата-аналар үшін де, балаларды дамыту саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жобаны іске асыру тетіктері мен ерекшеліктері туралы Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі саларалық кеңестің қосымша білім беру бойынша кіші секторының отырысында айтылды.

- Бұл жай ғана жоба емес – бұл білім алуды қолжетімді, ашық әрі отбасының нақты қажеттіліктеріне бейімделген етуге бағытталған қадам. Мемлекеттік тапсырыс алғаш рет тұлғалық қаржыландыру қағидаты бойынша орналастырылады, енді ваучер ұйымға емес, баланың артынан жүреді, - деп атап өтті Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова.

Ваучер алуға 4 жастан 18 жасқа дейінгі, пилоттық жобаға қатысушы қалаларда тұратын балалар құқылы. Өтінішті баланың ресми өкілдері ата-аналар, қамқоршылар, асырап алушы немесе патронат тәрбиешілер бере алады