Облыстағы қызмет көрсету саласына мамандар даярлайтын бұл білім ордасының материалдық-техникалық базасын қарап, колледж педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің оқу-тәжірибелік жұмыстарына назар аударды.
Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға оң баға беріп, колледж ұжымының кәсіби дайындығы мен оқу үдерісінің ұйымдастырылуына ризашылық білдірді.
Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы өзекті мәселелерді шешуге қолдау көрсетілетінін атап өтті.