Айналайын" жазғы лагері - балалық шақтың жарқын естелігі!

Айналайын" жазғы лагері -  балалық шақтың жарқын естелігі!

Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия жанынан ашылған “Айналайын” жазғы демалыс лагері жұмыс жасауда. 600- ден астам бала қамтылып, лагерьде әр күн ерекше ұйымдастырылады.

Танымдық ойындар, спорттық жарыстар, қолөнер, би мен ән үйірмелері, түрлі экскурсиялар – балалар үшін әр күні жаңа әсер мен шаттық сыйлайды!

Балалар аквапарк, театр, мұражай, бассейнге барып, төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Қауіпсіздік шаралары сақталып, тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға көңіл бөледі.

“Айналайын" – қуаныш пен достықтың мекені!