Жазғы демалыс кезінде көптеген жасөспірімдер қосымша жұмыс табуға ұмтылады – біреуі өз бастамасымен, біреуі ересектердің өтініші бойынша. Алайда кәмелетке толмағандардың еңбек қызметі қатаң заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды.
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:
-14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
-16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
-Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.