«ҚАМҚОРЛЫҚТАҒЫ БАЛА ТАҒДЫРЫ: ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Семинарға білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мамандарға «Балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарының рөлі: өзекті міндеттер, функциялар, заңнамалық өзгерістер», «Жетім балаларды, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау алгоритмі және оларды одан әрі орналастыру», «Қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдерінің балалардың мүдделерін қозғайтын сот дауларына қатысуы және соттар талап ететін құжаттарды дайындау», «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, есепке алу және орналастыру" туралы түсіндермелі жұмыстар жүргізілді